Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 17.11.2023 № 13/125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Мирный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Қарағанды облысы Осакаров ауданы Мирный ауылдық округі Мирное ауылының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауданның мәслихат хатшысы | К. Саккулаков |
Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы "27" шілдедегі № 257 шешіміне 1-қосымша |
Қарағанды облысы Осакаров ауданы Мирный ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
1 тарау. Жалпы ержелер
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Мирный ауылдық округі Мирное ауылы аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік ережелеріне сәйкес әзірленді және Қарағанды облысы Осакаров ауданы Мирный ауылдық округі Мирное ауылы (одан әрі – Мирное ауылы) көшелерінің тұрғындарына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді белгілейді.
2. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Мирное ауылының аумағы аумағы көшелерге бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын Мирное ауылы көшелерінің өкілдері сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықның бөлек жиының Қарағанды облысы Осакаров ауданы Мирный ауылдық округінің әкімі (одан әрі - Мирный ауылдық округінің әкімі) шақырады және ұйымдастырады.
6. Мирный ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен интернет - ресурстар, мобильді немесе үй байланыс желілері, мобильді қосымшалар мессенджерлері арқылы Мирный ауылдық округінің әкімі хабардар етеді.
7. Көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Мирный ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында Мирный ауылының аумағындағы көшенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Мирный ауылында тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің), көшелердің кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиының Мирный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Мирный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастықның бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Мирный ауылы көшелерінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарағанды облысы Осакаров ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Мирный ауылдық округінің әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасында:
1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының өткізілетін күні мен орны;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуға құқығы бар көшеде тұратын тұрғындардың жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;
4) Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны төрағасының және хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы "27" шілдедегі № 257 шешіміне 2-қосымша |
Қарағанды облысы Осакаров ауданының Мирный ауылдық округі Мирное ауылы тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Мирное ауылы көшелерінің атауы | Көше өкілдерінің саны |
1 | Сарыарқа көшесі | 3 |
2 | Достық көшесі | 3 |
3 | Нұрлы жол көшесі | 2 |
4 | Мира көшесі | 3 |
5 | Школьная көшесі | 1 |
6 | Степная көшесі | 2 |
7 | Шевченко көшесі | 3 |
8 | Гагарина көшесі | 1 |
9 | Некрасова көшесі | 1 |
10 | Нуркена –Абдирова көшесі | 1 |
11 | Первомайская көшесі | 1 |
Барлығы | 21 |