Қарағанды облысы Осакаров ауданы Құндызды ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 299 шешімі. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 13/123 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 17.11.2023 № 13/123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Құндызды ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қарағанды облысы Осакаров ауданы Құндызды ауылдық окруінің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы К. Саккулаков

  Осакаров аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
"28" қыркүйектегі
№ 299 шешіміне 1-қосымша

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Құндызды ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Құндызды ауылдық округі Шұңқыркөл ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік ережелеріне сәйкес әзірленді және Қарағанды облысы Осакаров ауданы Құндызды ауылдық округі Шұңқыркөл ауылы (бұдан әрі-Шұңқыркөл ауылы) көшелерінің тұрғындарын жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Шұңқыркөл ауылының аумағын көшелерге бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін әр көшенің саны үш адамнан аспайтын мөлшерде Шұңқыркөл ауылы көшелерінің өкілдері сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қарағанды облысы Осакаров ауданы Құндызды ауылдық округінің әкімі (бұдан әрі-Құндызды ауылдық округінің әкімі) шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер Құндызды ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен ғаламтор - ресурстар, мобильді немесе үй байланыс желілері, мобильді қосымшалар мессенджерлері арқылы хабардар етеді.

      7. Олардың тұратын жерлері шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Құндызды ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында Шұңқыркөл ауылының аумағындағы көшенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Шұңқыркөл ауылында тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны өтті деп есептеледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Құндызды ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Құндызды ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Құндызды ауылының көшелерінің өкілдерінің үміткерлерімен Қарағанды облысы Осакаров ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір үміткер бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған үміткерлер сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Құндызды ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасында:

      1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының өткізілетін күні мен орны;

      2) көше шегінде тұратын және жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны төрағасының және хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Осакаров аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
"28" қыркүйектегі
№299 шешіміне 2-қосымша

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Құндызды ауылдық округі Шұңқыркөл ауылы көшелерінің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Шұңқыркөл ауылының көшелерінің атауы

Көше өкілдерінің саны

1

Бейбітшілік көшесі

3

2

Сарыарқа көшесі

1

3

Асылбекова көшесі

1

4

Тәуелсіздік көшесі

3

5

Айнабекова көшесі

3

6

Сәкен Сейфуллин көшесі

3

7

Отан көшесі

2

8

Алаш көшесі

2


Барлығы

18


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады