Облыстық және аудандық бюджеттер, облыстық маңызы бар қала бюджеті арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы

Жаңартылған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 154 шешімі.

      "Қазақстан Респбликасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасы Кодексінің 45-бабының 4-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      Осы шешім облыстық және аудандық бюджеттер, облыстық маңызы бар қала бюджеті арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің 2023-2025 жылдардағы үш жылдық кезеңге арналған жылдар бойынша бөлінген абсолюттік көріністегі көлемін айқындайды.

      1. Облыстық бюджеттен аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне берілетін 2023 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 37 686 596 мың теңге, оның ішінде:

Арал ауданына

3 719 324 мың теңге;

Қазалы ауданына

5 405 948 мың теңге;

Қармақшы ауданына

5 576 679 мың теңге;

Жалағаш ауданына

3 777 192 мың теңге;

Сырдария ауданына

1 613 995 мың теңге;

Шиелі ауданына

3 801 715 мың теңге;

Жаңақорған ауданына

4 568 272 мың теңге;

Қызылорда қаласы

9 223 471 мың теңге

      сомасында белгіленсін.

      2. Облыстық бюджеттен аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне берілетін 2024 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 40 746 570 мың теңге, оның ішінде:

Арал ауданына

4 214 863 мың теңге;

Қазалы ауданына

5 968 617 мың теңге;

Қармақшы ауданына

6 198 115 мың теңге;

Жалағаш ауданына

4 092 029 мың теңге;

Сырдария ауданына

2 036 170 мың теңге;

Шиелі ауданына

4 263 341 мың теңге;

Жаңақорған ауданына

4 895 900 мың теңге;

Қызылорда қаласы

9 077 535 мың теңге

      сомасында белгіленсін.

      3. Облыстық бюджеттен аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне берілетін 2025 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 44 853 845 мың теңге, оның ішінде:

Арал ауданына

4 619 513 мың теңге;

Қазалы ауданына

6 466 599 мың теңге;

Қармақшы ауданына

6 657 552 мың теңге;

Жалағаш ауданына

4 503 115 мың теңге;

Сырдария ауданына

2 410 830 мың теңге;

Шиелі ауданына

4 657 019 мың теңге;

Жаңақорған ауданына

5 457 691 мың теңге;

Қызылорда қаласы

10 081 526 мың теңге

      сомасында белгіленсін.

      4. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес "Халық қатысатын бюджет" жобасын іске асыруға бағытталатын бюджет қаражатының ең төмен көлемі ескерілсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық мәслихатының 27.10.2023 № 52 шешімімен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 дейін қолданылады).

      5. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.

      Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н. Байқадамов

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2022 жылғы "13" желтоқсан
№ 154 шешіміне 1-қосымша

Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуға бағытталатын бюджет қаражатының ең төмен көлемі

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Қызылорда облыстық мәслихатының 27.10.2023 № 52 шешімімен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 дейін қолданылады).

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2022 жылғы "13" желтоқсан
№ 154 шешіміне 2-қосымша

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге бағытталатын бюджет қаражатының ең төмен көлемі

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Қызылорда облыстық мәслихатының 27.10.2023 № 52 шешімімен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 дейін қолданылады).

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2022 жылғы "13" желтоқсандағы
№ 154 шешіміне 3-қосымша

"Халық қатысатын бюджет" жобасын іске асыруға бағытталатын бюджет қаражатының ең төмен көлемі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық мәслихатының 27.10.2023 № 52 шешімімен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 дейін қолданылады).

  мың теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

1

Қызылорда қаласы

318 264,0

332 586,0

344 226,0


Барлығы

318 264,0

332 586,0

344 226,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады