"Облыстық және аудандық бюджеттер, облыстық маңызы бар қала бюджеті арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 154 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қазандағы № 52 шешімі

      "Қазақстан Респбликасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасы Кодексінің 45-бабының 4-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Облыстық және аудандық бюджеттер, облыстық маңызы бар қала бюджеті арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 154 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

      "4. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес "Халық қатысатын бюджет" жобасын іске асыруға бағытталатын бюджет қаражатының ең төмен көлемі ескерілсін.";

      аталған шешімнің 1, 2-қосымшалары алып тасталсын.

      2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.

      Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Н. Байқадамов

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2023 жылғы "27" қазандағы
№ 52 шешіміне қосымша
  Қызылорда облыстық мәслихатының
2022 жылғы "13" желтоқсандағы
№ 154 шешіміне 3-қосымша

"Халық қатысатын бюджет" жобасын іске асыруға бағытталатын бюджет қаражатының ең төмен көлемі

  мың теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

1

Қызылорда қаласы

318 264,0

332 586,0

344 226,0


Барлығы

318 264,0

332 586,0

344 226,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады