Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 173 қаулысы. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 4 қаңтар 2023 жылғы № 1 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 04.01.2023 № 1 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Түпқараған ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедекті бар адамдар үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Т. Алтынғалиевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған ауданының әкімі Р. Елтизаров

  Түпқараған ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 27 қыркүйектегі №173
  қаулысына қосымша

Түпқараған ауданының ұйымдарында ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымдар атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Квота мөлшері (%)

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Ақ жол құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)

161

3

5

2

Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақшұқыр мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

172

3

5

3

Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

208

3

6

4

Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

116

3

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады