2023 жылға арналған "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы"

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Түпқараған ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедекті бар адамдар үшін 2023 жылға жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.

      2.Түпқараған ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 173 қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а Т. Алтынгалиев

  Түпқараған ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 04 қаңтардағы
  № 1 қаулысына 1 қосымша

Түпқараған ауданының ұйымдарында ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымдар атауы

Ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік саны

Жұмыс орындарының квотасы (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Айгөлек" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

51

2

1

2

Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақбота" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

55

2

1

3

Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Бәйтерек" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

50

2

1

4

Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің " Әбдіхалықов мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

97

2

1

5

Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "М.А. Горький атындағы №1 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

86

2

1

6

Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Сайын Шапағатов атындағы мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

122

3

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады