"Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 89 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 28 ақпандағы
  № 89 қаулысымен
  бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) орман, аңшылық, балық, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау және жануар мен өсімдік дүниесінің өзге де объектілері салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Басқарманың осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелері бар.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 72.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқарманың заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, Қазақстан Республикасының заңнамасымен басқасы қарастырылмаған болса, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттілігі

      13. Мақсаттары:

      1) жануарлар дүниесін қорғау, өсіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) орман, аңшылық, су, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      3) қоршаған ортаны қорғау сласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзіреті шегінде, мемлекеттік органдардан, заңды тұлғалардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа материалдарды сұратады және алады;

      заңнамамен белгіленген тәртіпте соттарда Басқарманың құқықтары мен мүддесін қорғауды жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      15. Функциялары:

      1) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

      2) ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыру және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;

      3) Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлейді және орындалуын іске асырады;

      4) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының орындалуын ұйымдастырады;

      5) қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құра отырып, Қостанай облысының аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi;

      6) өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес және оның санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      7) оларды орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) беру үшін өздерінің функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік орман мониторингі жөнінде материалдар дайындауды ұйымдастырады;

      8) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерінен басқа мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерінің (сүректі түбірімен босату үшін төлемақы мөлшерлемелерінен басқа) жобаларын әзірлейді;

      9) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға өзінің қарауындағы учаскелерді береді және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді;

      10) уәкiлеттi органның және Қостанай облысының жергілікті өкiлдi органының қатысуымен оның қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзеді;

      11) уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі қаулы жобасын әзірлейді;

      12) Қостанай облысының аумағында орналасқан аңшылық шаруашылығының қажеттіліктері үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөнінде конкурстар өткізеді;

      13) жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      14) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыруды, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін жасанды өсіру қызметін ұйымдастырады;

      15) аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

      16) екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат береді;

      17) ғылыми ұсынымдар негізінде Қостанай облысының аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;

      18) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бөліктерін өтейді;

      19) акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар береді;

      20) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерге қатысады;

      21) су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциямен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерінің су қорғау аймақтарын, белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі қаулының жобасын әзірлейді;

      22) су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциямен келісім бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу жөніндегі қаулы жобасын әзірлейді;

      23) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су объектілерін конкурстық негізде оқшау немесе бірлесіп пайдалануға береді;

      24) бассейндік кеңестің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, бассейндік кеңестің қарауына су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөнінде ұсыныстар енгізеді, бассейндік кеңестің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдайды;

      25) өз құзыреті шегінде тиісті аумақтарда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді шешуге қатысады;

      26) жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын әзірлейді;

      27) өз құзыреті шегінде су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі, оның ішінде су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      28) өз құзыреті шегінде тиісті аумақтағы су объектілерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады;

      29) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      30) II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсаттар береді;

      31) жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын береді;

      32) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес қоғамдық тыңдаулар өткізеді;

      33) бюджет қаражаты есебінен жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және іске асырады;

      34) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді;

      35) экологиялық ақпаратты ресми интернет-ресурста орналастырады;

      36) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды жүзеге асыруды ұйымдастырады;

      37) сот шешімімен мемлекеттік меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқаруды жүзеге асырады;

      38) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және іске асырады;

      39) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қызметті ұйымдастырады;

      40) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде түбірімен босатылатын сүрек үшін мөлшерлемелерді қоспағанда, өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін әзірлейді;

      41) жеке және заңды тұлғалардың өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      42) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 07.08.2023 № 327 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі

      16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Басқарма басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) құрылымды, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді және Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;

      5) бірінші қол қою құқығына ие болады;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      7) Басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

      8) Басқарма қызметкерлеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге
  қосымша

"Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарауындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Арақарағай орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Боровское орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қамысты орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Михайловское орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Пригородное орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Семиозерное орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Таран орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Урицкое орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      10. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Усаковское орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      11. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Ұзынкөл орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады