Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 28 ақпандағы № 89 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Функциялары:
1) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
2) ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыру және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;
3) Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлейді және орындалуын іске асырады;
4) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының орындалуын ұйымдастырады;
5) қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құра отырып, Қостанай облысының аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi;
6) өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес және оның санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
7) оларды орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) беру үшін өздерінің функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік орман мониторингі жөнінде материалдар дайындауды ұйымдастырады;
8) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерінен басқа мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерінің (сүректі түбірімен босату үшін төлемақы мөлшерлемелерінен басқа) жобаларын әзірлейді;
9) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға өзінің қарауындағы учаскелерді береді және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді;
10) уәкiлеттi органның және Қостанай облысының жергілікті өкiлдi органының қатысуымен оның қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзеді;
11) уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі қаулы жобасын әзірлейді;
12) Қостанай облысының аумағында орналасқан аңшылық шаруашылығының қажеттіліктері үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөнінде конкурстар өткізеді;
13) жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
14) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыруды, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін жасанды өсіру қызметін ұйымдастырады;
15) аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
16) екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат береді;
17) ғылыми ұсынымдар негізінде Қостанай облысының аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
18) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бөліктерін өтейді;
19) акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар береді;
20) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерге қатысады;
21) су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциямен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерінің су қорғау аймақтарын, белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі қаулының жобасын әзірлейді;
22) су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциямен келісім бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу жөніндегі қаулы жобасын әзірлейді;
23) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су объектілерін конкурстық негізде оқшау немесе бірлесіп пайдалануға береді;
24) бассейндік кеңестің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, бассейндік кеңестің қарауына су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөнінде ұсыныстар енгізеді, бассейндік кеңестің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдайды;
25) өз құзыреті шегінде тиісті аумақтарда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді шешуге қатысады;
26) жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын әзірлейді;
27) өз құзыреті шегінде су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі, оның ішінде су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
28) өз құзыреті шегінде тиісті аумақтағы су объектілерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады;
29) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
30) II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсаттар береді;
31) жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын береді;
32) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес қоғамдық тыңдаулар өткізеді;
33) бюджет қаражаты есебінен жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және іске асырады;
34) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді;
35) экологиялық ақпаратты ресми интернет-ресурста орналастырады;
36) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
37) сот шешімімен мемлекеттік меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқаруды жүзеге асырады;
38) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және іске асырады;
39) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қызметті ұйымдастырады;
40) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде түбірімен босатылатын сүрек үшін мөлшерлемелерді қоспағанда, өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін әзірлейді;
41) жеке және заңды тұлғалардың өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
42) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |