Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 192 "Қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 538 қаулысы

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы" 2022 жылғы 4 мамырдағы № 192 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110900, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық ауылы, Гагарин көшесі, 36-ғимарат.".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген заңды тұлғаның Ережесіне енгізілген өзгерістің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысы әкімінің міндетін атқарушы А. Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады