Жер учаскеcіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 790 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер комиссиясының 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 821 қорытындысы, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 401, № 402, № 403, № 404, № 405 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2022 жылғы 22 сәуірдегі
  № 790 қаулысына
  қосымша

"Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1) Қостанай қаласы, Аэропорт көшесі, 3 ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,0838 гектар, су құбырын салу үшін;

      2) Қостанай қаласы, Аэропорт көшесі, 3 ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,0560 гектар, кәрізді салу үшін;

      3) Қостанай қаласы, Аэропорт көшесі, 3 ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,1310 гектар, газбен жабдықтау желілерін салу үшін;

      4) Қостанай қаласы, Аэропорт көшесі, 3 ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,4552 гектар, сыртқы байланыс желісін салу үшін;

      5) Қостанай қаласы, Аэропорт көшесі, 3 ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,3781 гектар, тез тұрғызылатын ангарға электр желілерін және 2 бірлік техникаға арналған тұрақ орындарын салу үшін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады