"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
3) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі | Қ. Испергенов |
Рудный қаласы әкімдігінің | |
2022 жылғы "5" мамырдағы | |
№ 586 қаулысымен | |
бекітілген |
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) экономика және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мекеменің ведомстволары жоқ.
3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мекеме өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. Мекеменің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтіледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95.
10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мекеменің қызметiн каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттiк органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін жоспарлау жүйесін дамыту;
2) елдегі және қаладағы экономикалық жағдайдың өзгеруіне уақтылы мән беру және қала экономикасын тұрақтандыру бойынша шара қолдану;
3) инвестициялық белсенділікті арттыруға жәрдемдесу;
4) экономикалық жоспарлауды жетілдіру;
5) нәтижеге бағытталған үш жылдық бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
қала әкіміне, "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
өз құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және барлық меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерден сұрау салу бойынша ақпарат, құжаттар және өзге де материалдар алу;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамасын сақтау, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңда белгіленген мерзімде қарауды қамтамасыз ету, олар бойынша қажетті шаралар қолдану;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
2) міндеттері:
қаланың кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындауына мониторинг жүргізуді жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдау материалдарын дайындау және ұсыну;
қызметін Қазақстан Республикасының заңына және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
15. Функциялары:
1) Рудный қаласының аумағын дамыту бағдарламасының жобасын және Рудный қаласының аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
2) Рудный қаласының аумағын дамыту бағдарламасына мониторинг жүргізу;
3) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (Рудный қаласының аумағын дамыту бағдарламасы, қалалық бюджетті әзірлеу бойынша) әрі қарай жұмыс істеуі бойынша негізгі нормаларды түсіндіру;
4) қалалық бюджетті әзірлеу, әкімдік қарауына бюджет жобасын енгізу;
5) экономиканы қаржылық қалпына келтіру бойынша шараларды әзірлеу және қала әкіміне ұсыныстар енгізу;
6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар құрылымдарын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарау және олар бойынша экономикалық қорытынды әзірлеу;
8) қалалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар енгізу;
9) Рудный қаласының бюджет комиссиясы қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру, бюджет комиссиясы отырысының хаттамасын дайындау;
10) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін құру;
11) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын келісу;
12) қала экономикасының жағдайын талдау;
13) бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және қала әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын орындау бойынша есептерді әзірлеу;
14) Рудный қаласы кәсіпорындарының қызметін талдау;
15) қала бойынша экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындау бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеу жөнінде бөлімдердің, қалалық әлеуметтік және қаржы қызметтерінің жұмысын үйлестіру;
16) әкімдік отырыстарына әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша әкімнің баяндамасын және сөзін дайындау;
17) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау;
18) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкес келуі тұрғысынан қарау;
19) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастыру және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жіберу;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
21) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3. Мемлекеттiк органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Мекеме жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
3) Мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады, қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан босату жөніндегі бұйрықтарға қол қояды;
5) өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
6) Мекеме қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтарға қол қояды;
7) Мекеме құрылымы, штат саны және штат кестесі бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды әкімге бекітуге енгізеді, Мекеменің қаржыландыру жоспары бойынша қаражатты үнемдеу шегінде қызметкерлерге қосымша ақылар, материалдық көтермелеу мөлшерін белгілейді;
8) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Мекемеге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеме өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.