Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 05.10.2023 № 48 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Арқалық қаласының Молодежный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2021 жылғы 20 мамырдағы № 34 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қостанай облысы Арқалық қаласы Молодежный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Арқалық қаласы Молодежный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшаларында:
"Мәслихаттың 2021 жылғы 20 мамырдағы № 34 шешімімен бекітілген", "Мәслихаттың 2021 жылғы 20 мамырдағы № 34 шешіміне қосымша" сөздері "Мәслихаттың 2021 жылғы 20 мамырдағы № 34 шешіміне 1-қосымша" және "Мәслихаттың 2021 жылғы 20 мамырдағы № 34 шешіміне 2-қосымша" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы | Г. Елтебаева |
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 4 ақпандағы | |
№ 95 шешіміне | |
қосымша |
Қостанай облысы Арқалық қаласы Молодежный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Арқалық қаласының Молодежный ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Молодежный ауылдық округі тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Молодежный ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Молодежный ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Молодежный ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Молодежный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Молодежный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын қала мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Молодежный ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.