"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Ибраев |
Әкімдіктің | |
2022 жылғы "01" сәуірдегі | |
№ 118 қаулысымен | |
бекітілді |
"Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Лисаков қаласы әкімінің аппараты) Лисаков қаласы әкімінің және жергілікті атқарушы органының қызметін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Лисаков қаласы әкімінің аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Лисаков қаласы әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Лисаков қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Лисаков қаласы әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Лисаков қаласы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Лисаков қаласы әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Лисаков қаласы әкімінің аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Лисаков қаласы әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31.
10. Осы ереже Лисаков қаласы әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Лисаков қаласы әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Лисаков қаласы әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Лисаков қаласы әкімі аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Лисаков қаласы әкімінің аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) мемлекеттік егемендігін, конституциялық саланы қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірде жүргізу;
2) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық-саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық көзқарасты ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;
3) мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және қаладағы әлеуметтік және экономикалық үдерістерді басқару, осы мақсатта атқарушы биліктің барлық органдарының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болу;
қала аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларына өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті тапсырмалар беру;
тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
2) міндеттері:
Қазақтан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа міндеттерді орындау.
15. Функциялары:
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қаланың атқарушы органдарының жұмысын талдау;
2) қала әкімінің және әкімдігінің қызметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, Лисаков қаласы әкімінің ресми сайтын қолдауды және дамытуды қамтамасыз ету;
3) қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде, Октябрь кенті әкімінің аппаратында атқарушылық тәртіп жағдайына талдау жүргізу;
4) қала әкімінің және әкімдігінің орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, беймемлекеттік бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;
5) қала әкіміне бағынысты мемлекеттік басқару органдарының қызметіндегі өзара іс-қимыл мен үйлесімді қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметі мен орталық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ облыс, қала әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын орындау бойынша бақылауды жүзеге асыру;
7) қала әкімінің, әкімдігінің, әкімі аппаратының қызметтерін құжаттамалық қамтамасыз етуді қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізуді жүзеге асыру;
8) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу және қарау, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша;
9) қала әкімінің және әкімдік мүшелерінің азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын жүргізуді ұйымдастыру;
10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау;
11) жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіру;
12) алып тасталды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 12.09.2023 № 266 қаулысымен;13) алып тасталды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 12.09.2023 № 266 қаулысымен;
14) құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;
15) өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
16) азаматтық қорғау саласында қаланың әкімшілік аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың салдарларын жоюды жүзеге асыру, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп олардың алдын алуды және жоюды қамтамасыз етеді;
17) өз өкілеттіктері шегіндегі терроризмнің пайда болуы мен таралуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі насихаттық және өзге де шаралар кешенін жүзеге асыру;
17-1) Лисаков қаласының әкімшілік аумағында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
17-2) азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету;
17-3) аумақтық қорғанысты ұйымдастыру;
17-4) қаланың әкімшілік аумағы шегінде шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы хабардар етуді және оларды жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында өздерінің басқаруындағы қалалық коммуналдық меншікті қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша береді;
17-5) өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету;
18) Лисаков қаласы әкімі аппаратының құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 27.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 12.09.2023 № 266 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Лисаков қаласы әкімінің аппаратын басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Лисаков қаласы әкімінің аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Лисаков қаласы әкімі аппаратының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Лисаков қаласы әкімі аппаратының бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастын басқа ұйымдарда "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
2) "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
3) мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайтын аппарат жұмысшыларды еңбек туралы заңнамасына сәйкес тағайындайды, лауазымнан босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
4) "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) құзырет шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
6) өз құзыреті шегінде "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ақша қаражатына иелік етеді, қаржылық құжаттарға қол қояды;
7) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Лисаков қаласы әкімі аппаратының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
19. Лисаков қаласы әкімі аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Лисаков қаласы әкімі аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Лисаков қаласы әкімінің аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Лисаков қаласы әкімінің аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Лисаков қаласы әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.