Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 01 сәуірдегі № 118 "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 266 қаулысы

      Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Лисаков қаласы әкімдігінің "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 01 сәуірдегі № 118 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 15-тармағының 12), 13) тармақшалары алып тасталсын.

      2. Лисаков қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарына хабарлау;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі А. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады