Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 мамырдағы № 58 "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 31 қаңтардағы № 14 қаулысы

      Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 мамырдағы № 58 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ереже 2-тармақпен толықтырылсын:

      "2. Мекеменің ведомствосы бар: "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық)";

      2-тараудың 15-тармақтың 9-тармақшасында "Мүгедектерді" деген сөздерді "Мүгедектігі бар адамдарды" деген сөз тіркесімен жазылсын;

      2-тараудың 15-тармағының 12-тармақшасы алып тасталсын;

      3 тараудың 18 тармағының 1 тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Мекеме қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады, олардың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;".

      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар ету;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

      3) осы қаулыны Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтынсарин ауданы әкімі А. Сартов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады