Мәслихаттың "Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 30 маусымдағы № 221 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 116 шешімі

      Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 30 маусымдағы № 221 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4981 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиынын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиынын өткізудің қағидасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтынсарин аудандық мәслихатының хатшысы Б. Есмұханов

  Мәслихаттың
  2022 жылғы "26" қыркүйектегі
  № 116 шешіміне
  1-қосымша

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылың жергілікті қоғамдастығының бөлек жиынын өткізудің қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиынын өткізудің қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының тұрғындарының жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2 Бөлім. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Свердловка ауылының әкімімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл шегінде жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын өткізуді Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастық бөлек жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудан мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Свердловка ауылы әкімінің аппаратына беріледі.

  Мәслихаттың
  2021 жылғы "26" қыркүйектегі
  № 116 шешіміне
  2-қосымша
  Мәслихаттың
  2014 жылғы "30" маусымдағы
  № 221 шешіміне
  2-қосымша

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының тұрғындары үшін

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады