"Денисов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 ақпандағы № 27 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31- бабы, Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Денисов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Нұрғалиев Б.М.

  Денисов
  ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы "10" ақпандағы
  № 27 қаулысымен
  бекітілген

"Денисов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Денисов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлімі) ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомствосы бар:

      Денисов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлер және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандар, белгіленген үлгідегі бланкілер, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарындағы шоттары бар.

      5. Бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлімі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Денисов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Денисов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисовка ауылы, Калинин көшесі, № 5, индексі 110500.

      10. Осы Ереже Бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімінің қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жергілікті жүзеге асырылады.

      12. Бөліміне "Денисов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерімен қатынастарға шарттық түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, мәслихаттың, әкімдіктің және аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларына сәйкес ауданда Бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттің ішкі саясатын жергілікті мемлекеттік басқару органдарының орындауын қамтамасыз ету және жүзеге асыру;

      2) Қазақстанның Даму стратегиясы - 2050 негізгі басымдықтарын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыруды және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру және насихаттау;

      3) ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, азаматтық бірегейлік пен патриотизмді нығайту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, қоғамды жаңғыртуға жәрдемдесу, аудандағы конфессияаралық және ұлтаралық келісімді реттеу;

      4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау, ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында, халықтың оларды қолдану, орналастыру және пайдалану тұрғысынан "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңын сақтау жөніндегі жұмысы;

      5) ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды үйлестіру;

      6) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, ішкі саяси, конфессияаралық және этносаралық тұрақтылықты сақтауға бағытталған үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарымен, саяси партиялармен, жастар, этно - мәдени, діни бірлестіктермен және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      7) аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл;

      8) ұлттық және мемлекеттік мерекелерді, басқа да мерекелік іс-шараларды мерекелеу жөніндегі іс-шараларды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде көзделген өзге де міндеттер болып табылады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтар:

      мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, Бөлімінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

      заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындау.

      15. Функциялар:

      1) Қазақстанның 2050 - Даму стратегиясының, Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларының, Рухани жаңғыру бағдарламасының және өзге де стратегиялық құжаттарды түсіндіру, насихаттау және іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау, мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарда халықтың оларды қолдану, орналастыру және пайдалану үшін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын сақтау бойынша мониторингті іске асыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды құру үшін материалдарды жинау және даярлау;

      3) Мемлекеттік жастар саясаты және жастар арасындағы патриотизм мен азаматтылық дамыту бойынша іс-шаралар кешенінің іске асыруын үйлестіру, ауданның жастар ұйымдарымен өзара қарым-қатынас;

      4) Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, БАҚ өзара қарым-қатынасы, олардың "Бұқаралық ақпарат құралдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңын сақталауы;

      5) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалының зерттелуі мен талдауы, аудандағы саяси-әлеуметтік үрдістерінің, этносаяси жағдайының, конфессияаралық және этноаралық қарым-қатынастарының мониторингтерді іске асыру, әлеуметтік желілерде және Денисов ауданы әкімдігінің ресми сайтында түсіндірмелерге жауап қайтару, ауданда қоғамдық-саяси ахуалының реттелуі, "Діни қызметі және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, "Коммерциялық емес ұйымдар", "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Кәсіптік одақтар туралы", "Саяси партиялар", "Қазақстан Халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтау;

      6) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруының ұйымдастыру және үйлестіру, кеңестердің ҮЕҰ, ҚХА қоғамдық келісімнің өзара қарым-қатынас бойынша жұмысы;

      7) Аналар кеңесінің отбасындағы төзімділік мәселелері, "Мерейлі отбасы" Ұлттық байқаудағы аудандық турының жеңімпаздарды анықтау жөніндегі комиссиясы бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      8) Ұлттық және мемлекеттік мерекелер, басқа мерекелік іс-шаралар мерекелеу бойынша іс-шаралар өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;

      9) Бөлімінің құзыретіне кіретін ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми-зерттемелік жұмыстарды басқа да мемлекеттік мекемелермен бірлесе отырып орындау.

3- тарау. Мемелекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімінің басшылығын бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілдерің жүзеге асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамағына үшін дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Бөлімі басшысының өкілеттігі:

      1) мемлекеттік мекемедегі жұмысты басқарады және жұмысты ұйымдастырады;

      2) мемлекеттік мекемеге жүктелген функциялары мен мәселелерінің орындалуына жеке жауапкершілік артуда;

      3) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шараларға қолданылмай қалған әрекеттерге жеке жауапкершілікке артылады;

      4) қызметтік құжаттамаға, бұйрықтарға қол қояды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де ұйымдардармен өзара қарым - қатынаста мемлекеттік орган атынан өкілдік етеді;

      5) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды, лауазымға тағайындап, лауазымдық міндеттемелерін реттейді;

      6) заңнамамен белгіленген тәртіпте марапаттайды және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда мемлекеттік мекеме ретінде ұсынады;

      8) азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шараларды қабылдайды;

      Бөлімінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы занңамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлігі

      19. Бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      20. Бөліміне бекітілген мүлігі аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттiк органның қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Бөлімінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бөлімінің ведомстволық бағынышты ұйым Денисов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады