Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 08.11.2023 № 71 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денисов аудандық мәслихатының хатшысы | А. Мұрзабаев |
Мәслихаттың | |
2022 жылғы "10" тамыздағы | |
№ 73 шешімімен | |
бекітілген |
Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Свердлов ауылдық округінің ауылдары тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін – Свердлов ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округінің тұрғындары (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Свердлов ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Свердлов ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Свердлов ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Свердлов ауылдық округінің ауылдары,көшелері шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Свердлов ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы Свердлов ауылдық округінің алдында тиісті ауылда, көшеде қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Свердлов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Свердлов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдық округінің ауыл, көше тұрғындары үшін өкілдерінің кандидатураларын ауданның аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Свердлов ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Денисов | |
аудандық мәслихатының | |
2022 жылғы 10 тамыздағы | |
№ 73 шешіміне | |
қосымша |
Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдармен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің Свердловка ауылы тұрғындары үшін | 3 |
Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің Подгорное ауылы тұрғындары үшін | 3 |
Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің Приречное ауылы тұрғындары үшін | 3 |