2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 271 қаулысы. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Нұрғалиев Б.М.

  Әкімдіктің
  2022 жылғы 4 қарашадағы
  № 271 қаулысына
  қосымша

2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота

Атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны (адам)

Мүгедектігі бар адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының саны (бірлік)

барлығы

оның ішінде 2023 жылға

1.

"Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

50

2

1

1

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады