Қостанай облысы Қостанай ауданы Александров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 192 шешімі. Жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 110 шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 22.12.2023 № 110 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қостанай облысы Қостанай ауданы Александров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Қостанай ауданы Александров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы М. Сартов

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 29 шілдедегі
  № 192 шешіміне
  1-қосымша

Қостанай облысы Қостанай ауданы Александров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қостанай ауданы Александров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі (бұдан әрі - тәртіп) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Александров ауылдық округінің ауылдары тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және қызмет ететін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны - ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Александров ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Ауыл, көшелердiң жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн саны үш адамнан аспайтын өкiлдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Александров ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Александров ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстары арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл, көше шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Александров ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Александров ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Александров ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және екі жұмыс күн ішінде Александров ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 29 шілдедегі
  № 192 шешіміне
  2-қосымша

Қостанай облысы Қостанай ауданы Александров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы


р/р

Елді мекеннің, көшенің атауы

Ауыл көшелерінің тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Александров ауылының тұрғындары үшін, көшелер бөлінісінде:

Анисимовтар көшесі

2

А. Кунанбаев көшесі

1

Урожайная көшесі

2

Иноземцев көшесі

2

Комсомольская көшесі

2

Логовая көшесі

1

Московская көшесі

1

Мир көшесі

2

Набережная көшесі

1

Октябрьская көшесі

2

П. Морозов көшесі

1

Первомайская көшесі

1

Тобольский тұйық көшесі

1

Целинная көшесі

1

Школьная көшесі

1

Юбилейная көшесі

1

2

Еңбек ауылының тұрғындары үшін, көшелер бөлінісінде:

Набережная көшесі

2

Новая көшесі

2

Целинная көшесі

3

Школьная көшесі

3

3

И.Ф. Павлов атындағы ауылының тұрғындары үшін, көшелер бөлінісінде:

Павлов көшесі

1

Молодежная көшесі

2

Урожайная көшесі

1

Школьная көшесі

1

Целинная көшесі

1

Юбилейная көшесі

1

4

Жуков ауылының тұрғындары үшін, көшелер бөлінісінде:

Набережная көшесі

1

Молодежная көшесі

1

Целинная көшесі

1

Школьная көшесі

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады