Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 22.12.2023 № 117 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облысы Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қостанай облысы Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы | М. Сартов |
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 31 тамыздағы | |
№ 199 шешіміне | |
1-қосымша |
Қостанай облысы Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі (бұдан әрі - тәртіп) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Мичурин ауылдық округінің ауылдары, шағын аудандары, көшелері, көппәтерлі тұрғын үйлері тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны - ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Мичурин ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
4. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үйдің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Мичурин ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Мичурин ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет ресурстары арқылы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Мичурин ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 1-тармағына сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі тұрғын үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Мичурин ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Мичурин ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қостанай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны екі жұмыс күні ішінде Мичурин ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 31 тамыздағы | |
№ 199 шешіміне | |
2-қосымша |
Қостанай облысы Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Елді мекен, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй атауы | Ауылдың шағын аудан, көше және көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Мичурин ауылының тұрғындары үшін шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер бөлінісінде | |
Арман көшесі | 1 | |
Аубакиров көшесі | 1 | |
Комсомольская көшесі | 1 | |
Ленин көшесі | 1 | |
Лесная көшесі | 1 | |
Мира көшесі | 1 | |
Мичурин көшесі | 1 | |
Южный шағын ауданы | 2 | |
Восточный шағын ауданы | 2 | |
Новая көшесі | 1 | |
Озерная көшесі | 1 | |
Олимпийская көшесі | 1 | |
Садовая көшесі | 1 | |
Строительная көшесі | 1 | |
Тепличная көшесі | 1 | |
Черный көшесі | 1 | |
Школьная көшесі | 1 | |
Кроликоферма көшесі | 1 | |
2 | Алтынсарин ауылының тұрғындары үшін көшелер бөлінісінде | |
Новая көшесі | 1 | |
Новостройка көшесі | 1 | |
Озерная көшесі | 1 | |
Садовая көшесі | 1 | |
Строительная көшесі | 1 | |
Школьная көшесі | 1 | |
Кирпичная көшесі | 1 | |
3 | Садовый ауылының тұрғындары үшін көшелер бөлінісінде | |
70 лет Октября көшесі | 1 | |
Ленин көшесі | 1 | |
Магистральная көшесі | 1 | |
Строительная көшесі | 1 | |
Новая көшесі | 1 | |
Озерная көшесі | 1 | |
Садовая көшесі | 1 |