Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2022 жылғы 5 мамырдағы № 124 шешімі. Жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 69 шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 13.10.2023 № 69 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округі бөлек жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ж. Байболатова

  Мәслихаттың
  2022 жылғы "5" мамырдағы
  № 124 шешіміне
  1-қосымша

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Первомай ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Первомай ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Первомай ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе интернет-ресурстарды қоса алғанда үздіксіз жариялау тарату тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Первомай ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Первомай ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Первомай ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Первомай ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

  Мәслихаттың
  2022 жылғы "5" мамырдағы
  № 124 шешіміне
  2-қосымша

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Первомайское ауылының тұрғындары үшін

3

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Долбушка ауылының тұрғындары үшін

3

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Ивановка ауылының тұрғындары үшін

3

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Лесное ауылының тұрғындары үшін

3

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Чернышевка ауылының тұрғындары үшін

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады