"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедек адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Исабаев |
Әкімдіктің | |
2022 жылғы "10" қарашадағы | |
№ 264 қаулысына | |
қосымша |
2023 жылға арналған мүгедек адамдар үшін жұмыс орындарына квота
№ | Атауы | Жыл басына қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыз) | Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде белгіленген квота (адам) | Мүгедектер адамдар үшін санатына жататын жұмыспен қамтылған жұмыс орындарының саны, (бірлік) | |
барлығы | оның ішінде 2023 жылға | |||||
1 | "Гранд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 334 | 4 | 13,3 | 2 | 0 |
2 | "Джаркульский элеватор" акционерлік қоғамы | 65 | 2 | 1,3 | 2 | 0 |
3 | "ОлжаАлтын Инвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 914 | 4 | 36,5 | 3 | 0 |
4 | "Олжа Пешковское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 89 | 2 | 0,8 | 1 | 0 |