"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 734 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 9 тамыздағы № 676 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 328 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.06.2023 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 35-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 734 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 34 қосымшалар осы бұйрыққа 35 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде:

      1) электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Б.С. Әбділдинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
А. Есмағамбетова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы " "
№ бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 17 қарашадағы
№ 734 бұйрығына
3-қосымша

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары, С-1 санаты (2 бірлік), №№ 24-1-2, 24-1-3

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: денсаулық сақтау (медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе медициналық-профилактикалық іс және/немесе санитария, гигиена, эпидемиология).

Кәсіптік құзыреттілігі

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
міндетті түрде "Б" корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен (бұдан әрі – Тізілім) айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімдерін бақылау және қадағалау, сондай-ақ құзыреті шегінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау. Құзыреті шегінде Комитеттің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Эпидемияға қарсы іс-шараларады жүргізуді ұйымдастыру. Мемлекеттік шекарадағы санитариялық қорғауды ұйымдастыру. Аса қауіпті инфекцияларды және биоқауіпсіздікті бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру. Тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары, С-1 санаты (1 бірлік), № 24-1-4

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (информатика, ақпараттық жүйелер және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама және/немесе ақпараттық қауіпсіздік жүйелері және/немесе математикалық және компьютерлік модельдеу) және/немесе инженерия және инженерлік іс (автоматтандыру және басқару).

Кәсіптік құзыреттілігі

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
міндетті түрде "Б" корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ақпараттандыру және цифрландыру мәселелері бойынша Комитеттің орталық аппаратының, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіру. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара байланысты жүзеге асыру. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және пайдалану тиімділігінің индикаторларын әзірлеуге және мониторингілеуге қатысу. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары, С-1 санаты (1 бірлік), № 24-1-5

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: бизнес және басқару (экономика және/немесе қаржы және/немесе есепке алу және аудит және/немесе менеджмент және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) және/немесе құқық (құқықтану).

Кәсіптік құзыреттілігі

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
міндетті түрде "Б" корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Экономика және жоспарлау, бухгалтерлік есеп және есептілік, орталық аппараттың, аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік мүлкін басқару, республикалық бюджеттің атқарылуы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақтылы қаржыландыру және есептілікті қалыптастыру мәселелері бойынша Комитеттің орталық аппаратының, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіру. Жетекшілік ететін басқармалардың жұмысына жалпы басшылық ету, үйлестіру және жоспарлау. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара байланысты жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы " "
№ бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 17 қарашадағы
№ 734 бұйрығына
3-қосымша

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесінің басшысы, С-О-1 санаты (20 бірлік), №№ 24-23-1, 24-24-1, 24-25-1, 24-26-1, 24-27-1, 24-28-1, 24-29-1, 24-30-1, 24-31-1, 24-32-1, 24-33-1, 24-34-1, 24-35-1, 24-36-1, 24-37-1, 24-38-1, 24-39-1, 24-41-1, 24-42-1, 24-43-1

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: денсаулық сақтау (медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе медициналық-профилактикалық іс және/немесе санитария, гигиена, эпидемиология).

Кәсіптік құзыреттілігі

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелері мен аудандық басқармаларының жұмысына жалпы басшылық ету, жұмысын үйлестіру, жоспарлау, іске асыру және өзара тиімді іс-қимыл жасау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімдерін бақылау және қадағалау, сондай-ақ құзыреті шегінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу. Департаментті білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, атқарушылық және еңбек тәртібін, құжаттаманы басқару бойынша жұмыстың сапасын сақтау. Департамент қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындауын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, С-О-1 санаты (1 бірлік), № 24-40-1

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: денсаулық сақтау (медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе медициналық-профилактикалық іс және/немесе санитария, гигиена, эпидемиология).

Кәсіптік құзыреттілігі

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелері мен бөлімшелік басқармаларына жалпы басшылық ету, жұмысын үйлестіру, жоспарлау, іске асыру және тиімді өзара іс-қимыл жасау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімдерін бақылау және қадағалау, сондай-ақ құзыреті шегінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау. Көліктегі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу. Департаментті білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, атқарушылық және еңбек тәртібін, құжаттаманы басқару бойынша жұмыстың сапасын сақтау. Департамент қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындауын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы " "
№ бұйрығына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 17 қарашадағы
№ 734 бұйрығына
4-қосымша

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (39 бірлік), №№ 24-23-2, 24-24-2, 24-25-2, 24-26-2, 24-27-2, 24-28-2, 24-29-2, 24-30-2, 24-31-2, 24-32-2, 24-33-2, 24-34-2, 24-35-2, 24-36-2, 24-37-2, 24-38-2, 24-39-2, 24-41-2, 24-42-2, 24-43-2, 24-23-3, 24-24-3, 24-25-3, 24-26-3, 24-27-3, 24-28-3, 24-29-3, 24-30-3, 24-31-3, 24-32-3, 24-33-3, 24-34-3, 24-35-3, 24-36-3, 24-37-3, 24-38-3, 24-41-3, 24-42-3, 24-43-3

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: денсаулық сақтау (медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе медициналық-профилактикалық іс және/немесе санитария, гигиена, эпидемиология).

Кәсіптік құзыреттілігі

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен аудандық басқармаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімдерін бақылау және қадағалау, сондай-ақ құзыреті шегінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу, рұқсат беру құжаттарын беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтарып алу). Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Департамент қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындауын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімше басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (19 бірлік), №№ 24-23-4, 24-24-4, 24-25-4, 24-26-4, 24-27-4, 24-28-4, 24-29-4, 24-30-4, 24-31-4, 24-32-4, 24-33-4, 24-34-4, 24-35-4, 24-36-4, 24-37-4, 24-38-4, 24-41-4, 24-42-4, 24-43-4

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: денсаулық сақтау (медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе медициналық-профилактикалық іс және/немесе санитария, гигиена, эпидемиология) және/немесе бизнес және басқару (экономика және/немесе менеджмент және/немесе есепке алу және аудит және/немесе қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) және/немесе құқық (құқықтану).

Кәсіптік құзыреттілігі

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің экономика және жоспарлау, бухгалтерлік есеп және есептілік, Департаменттің және аудандық басқармаларының мемлекеттік мүлкті басқару, республикалық бюджеттің атқарылуы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақтылы қаржыландыру және есептілікті қалыптастыру мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Жетекшілік ететін бөлімдердің жұмысына жалпы басшылық ету, үйлестіру және жоспарлау. Департамент қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын, құжаттаманы басқару бойынша жұмысты сапалы ұйымдастыруын, бұдан басқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындауын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (2 бірлік), №№ 24-40-2, 24-40-3

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: денсаулық сақтау (медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе медициналық-профилактикалық іс және/немесе санитария, гигиена, эпидемиология).

Кәсіптік құзыреттілігі

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша қызметін үйлестіру, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімдерін бақылау және қадағалау, сондай-ақ құзыреті шегінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу, рұқсат беру құжаттарын беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтарып алу). Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Департамент қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындауын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (1 бірлік), № 24-40-4

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: денсаулық сақтау (медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе медициналық-профилактикалық іс және/немесе санитария, гигиена, эпидемиология) және/немесе бизнес және басқару (экономика және/немесе менеджмент және/немесе есепке алу және аудит және/немесе қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) және/немесе құқық (құқықтану).

Кәсіптік құзыреттілігі

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің экономика және жоспарлау, бухгалтерлік есеп және есептілік, Департаменттің және аудандық басқармаларының мемлекеттік мүлкін басқару, республикалық бюджеттің атқарылуы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақтылы қаржыландыру және есептілікті қалыптастыру мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Жетекшілік ететін бөлімдердің жұмысына жалпы басшылық ету, үйлестіру және жоспарлау. Департамент қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын, құжаттаманы басқару бойынша жұмысты сапалы ұйымдастыруын, бұдан басқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындауын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады