Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-15 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2022 жылғы 1 маусымдағы № 19-2 шешімі. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 7-6 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 04.09.2023 № 7-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2751 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасындағы кестенің "Көшелер мен ауылдар атауы" бағанында:

      4-жолдағы "Комсомольская" деген сөз "Петр Толочко" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-жолдағы "Карл Маркс" деген сөздер "Көкен Шәкеев" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18-жолдағы "Чапаев" деген сөз "Ақан сері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22-жолдағы "Энгельс" деген сөз "Еркін Әуелбеков" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23-жолдағы "Ленина" деген сөз "Игорь Тарасов" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24-жолдағы "Октябрьская" деген сөз "Болашақ" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының хатшысы
Е. Әділбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады