Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 292 "Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 117 қаулысы. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 132 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 18.07.2023 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 292 "Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау облысы Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. "Атырау облысы Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Н.Б.Таушовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

  Атырау облысы әкімдігінің
2022 жылғы 26 мамырдағы
№ 117 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 292 қаулысымен бекітілген

"Атырау облысы Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) бюджетті атқаруды, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізуді, коммуналдық мүлікті басқару және мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.

      9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарманың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      жергілікті бюджеттің, облыстық бюджеттің орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      бюджеттік есептілікті жасау;

      коммуналдық мүлікті басқару бойынша жұмыстарды іске асыру;

      мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу;

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті құқықтық актілер қабылдауға;

      тиісті ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және басқалардан ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;

      Бюджеттік заңнама, бухгалтерлік есепті жүргізу, коммуналдық мүлікті басқару және мемлекеттік сатып алу салаларындағы қолданыстағы заңнамалық актілерде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау;

      Басқармаға жүктелген функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

      Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау;

      Бюджеттік заңнама, бухгалтерлік есепті жүргізу, коммуналдық мүлікті басқару және мемлекеттік сатып алу салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.

      14. Функциялары:

      1) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;

      2) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, жергілікті бюджет бойынша төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын жүргізу, бекіту және жүргізу;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджетке төленетін төлемдер түсімдерінің мерзімін, бюджетке өткен жылдары түскен төлемдер түсімдерінің динамикасын, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық динамикасын талдау нәтижелерін және бағалы қағаздар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстар деңгейін, кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының, байланысты гранттар туралы келісімдердің талаптарын негізге ала отырып, бюджет түсімдері сыныптамасының топтама кодтарының толық көлемі бойынша бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын жасау;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақытылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;

      5) бюджет ақшасын басқару;

      6) түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген көлемде төлемдерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау;

      7) бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;

      8) тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жүргізу;

      9) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығару;

      10) бюджеттік мониторинг жүргізу;

      11) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тоқсан сайын бюджеттік мониторингтің нәтижелері және жыл қорытындысы бойынша бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақытылы орындалмағаны туралы ескертпе ақпарат беру;

      12) ай сайын облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есепті әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;

      13) республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттердің, нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті ұсыну;

      14) облыс бойынша бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну:

      тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп;

      филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақшаның түсуі және оның жұмсалуы туралы есеп;

      облыс бойынша дебиторлық берешек туралы есеп;

      облыс бойынша кредиторлық берешек туралы есеп;

      облыс бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп;

      15) облыс бойынша жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау және ұсыну;

      16) бюджеттік алып қоюлардан аударудың толықтығын бақылауды жүзеге асыру;

      17) бюджеттік алып қоюлар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттерге аудару;

      18) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сомалар шегінде бюджеттік субвенцияларды төмен тұрған бюджеттерге аудару;

      19) кредит шартына тіркеу нөмірін беру және тіркеу кітабына жазу арқылы жергілікті бюджет ақшасының есебінен бюджеттік кредиттерді тіркеу;

      20) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің мониторингін жүзеге асыру;

      21) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер шарттарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тіркеуге ұсыну;

      22) облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту;

      23) облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;

      24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру жөніндегі қажетті шараларды жүзеге асыру;

      25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мүлікті коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру;

      26) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру;

      27) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды жүзеге асыру және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау;

      28) бақылауды жүзеге асыру үшін сатып алу-сату шартын орындауға байланысты, оның ішінде өз қолданысын тоқтатқан құжаттармен танысуға және сарапшыларды, бағалаушыларды, сондай-ақ консультациялық, аудиторлық және өзге де ұйымдарды жұмысқа тартуға құқылы;

      29) жергілікті атқарушы орган атынан коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқығын жүзеге асыру;

      30) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқықтарына ие болу және шарт жасасуды жүзеге асыру;

      31) облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік (жалға алу) жалға, сенімгерлік басқаруға береді;

      32) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауды;

      33) таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін қайта бөледі;

      34) мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыстың белгіленген бөлігін бюджетке толық және уақытылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;

      35) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      36) облыс әкімдігі атынан акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде облыстың құқығын жүзеге асырады;

      37) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін), облыс әкімдігінің уәкілеттігі бойынша оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

      38) коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірісінің) мөлшерін, акциялардың мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) белгілейді;

      39) бюджетті атқару сатысында азаматтық бюджетті жасау;

      40) қолданыстағы заңнамаға сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асырады;

      41) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулерді айқындау;

      42) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында әлеуетті өнім беруші ұсынатын ақпараттың дұрыстығын анықтау;

      43) конкурс (ашық конкурс, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс, алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы өткізілетін конкурс, негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс, рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс,), аукцион тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

      44) Бюджеттік заңнама, бухгалтерлік есепті жүргізу, коммуналдық мүлікті басқару және мемлекеттік сатып алу салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      2) мемлекеттік органдар, сот пен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      3) өзінің орынбасарлары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;

      7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;

      8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      9) Заңнамаға сәйкес Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Басқарманың мүлкі

      20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады