Атырау қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 666 "Атырау қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 913 қаулысы

      Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 666 "Атырау қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. "Атырау қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М. Қалауи

  Атырау қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "21" сәуірдегі
№ 913 қаулысына қосымша
  Атырау қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 26 мамырдағы
№ 666 қаулысымен бекітілген

"Атырау қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Атырау қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) мемлекеттік қаржыларды, коммуналдық мүлікті және мемлекеттік сатып алу басқару салаларына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімге ведомстволық мекемелер жатпайды.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі, №52 "А" үй, пошталық индексі – 060005.

      10. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлім өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету;

      2) қаланың коммуналдық меншігін тиімді басқару;

      3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзіреті шегiнде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға, қатысуға, қабылдауға;

      мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгiленген тәртiппен қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      қолданыстағы заң актілерінде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға;

      жалпы мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;

      қызметтік қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленетін жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтауға;

      азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды мүдделерiн сақтауға, заңнамада белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;

      Бөлімге берiлген құқықтар шегiнде және осы Ережеге сәйкес өзінің өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;

      жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың Бөлімнің өкiлеттiгi шегiнде шығарылған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;

      мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;

      мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;

      қалалық бюджеттің орындалуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте салықтық, ақша-кредит саясатымен өзара іс-қимыл жасай отырып, мемлекеттік бюджет саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысу;

      бюджеттік бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізу және бюджеттің орындалуы жөнінде ұсыныстар беру;

      жергілікті бюджеттің кіріс түсімдеріне талдау жасау;

      бағдарламалар әкімшілері бойынша бюджеттің орындалуына қорытынды дайындау және талдамалық есеп беру;

      қалалық коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің мемлекеттік саясатын іске асыру;

      қалалық коммуналдық мүлікті заңнамада белгіленген тәртіппен мақсатты және тиімді пайдалану.

      15.Функциялары:

      1) мемлекеттік бюджет саясатының іске асырылуын қамтамасыз ету функциялары;

      2) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;

      3) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасау, бекіту және жергілікті бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жүргізу;

      4) бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке төленетін төлемдер түсімдерінің мерзімін, бюджетке өткен жылдары түскен төлемдер түсімдерінің динамикасын, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық динамикасын талдау және бағалы қағаздар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстар деңгейін, кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының, байланысты гранттар туралы келісімдердің талаптарын негізге ала отырып, бюджет түсімдері сыныптамасының топтама кодтарының толық көлемін жасау;

      5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері және төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын жүргізу;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;

      7) бюджет ақшасын басқару;

      8) түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген көлемде төлемдерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау;

      9) бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасау;

      10) тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жүргізу;

      11) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекіткен мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарымен келісу;

      12) жергілікті атқарушы органның қаулысы негізінде заңнамада бекітілген тәртіпте тиісті бюжетті түзетуді жүзеге асыру;

      13) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын бюджеттік есептілік және ақпарат негізінде бюджеттік мониторинг жүргізу;

      14) тоқсан сайын бюджеттік мониторингтің нәтижелері және жыл қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе ақпарат беру;

      15) қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсыну

      16) республикалық және облыстық бюджеттен берілетін трансферттердің игерілу барысы бойынша мониторинг жүргізу;

      17) қала бойынша бюджеттің есептілігі мен есебін жүргізу:

      18) бюджет мониторингі нәтижесі бойынша есепті;

      19) бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының орындалуы бойынша есепті;

      20) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалу туралы есепті;

      21) демеушілік пен қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есепті;

      22) қала бойынша дебиторлық берешек туралы есепті;

      23) қала бойынша кредиторлық берешек туралы есепті;

      24) қала бойынша жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есепті;

      25) қала бойынша жергілікті бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті;

      26) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің белгіленген нысаны бойынша демеушілік, қайырымдылық көмектің бақылау шоттарын ашу жөнінде өтініштерін қарау және ақшаны уақытша шетелдік валюта шоттарына орналастыру;

      27) қалалық бюджетті нақтылау, түзету, бекіту кезінде қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік бағдарламалар бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының жобасын және бюджеттік өтініштер ұсыну;

      28) Бөлім бағдарлама әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын жүзеге асыру;

      29) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден кезеңділік есеп алу;

      30) Бөлім бағдарлама әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша кезеңділік есеп жасау;

      31) Бөлім бағдарлама әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша жергілікті бюжеттің орындалуын жүзеге асыру;

      32) бекітілген көлемде облыстық бюджеттің кірісіне бюджеттік алымдар аудару;

      33) Қала бойынша бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінен қаржылық есептілікті қабылдау, шоғырландыру, тексеру және талдау жұмыстарын жүргізу

      34) Ауылдық округ әкімінің аппаратынан ай сайын ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ бюджеттік кодексте көзделген басқа да есептерді қабылдау және бекіту

      35) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысады;

      36) коммуналдық мүліктің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

      37) коммуналдық мүліктің жекешелендірілуін жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      38) жергілікті атқарушы орган атынан қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты қалалық коммуналдық меншік субъектісінің құқығын жүзеге асырады;

      39) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды және мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

      40) қалалық коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

      41) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады;

      42) қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен теңгерімнен шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

      43) қалалық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;

      44) тиісті саланың уәкілетті органына қалалық коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісім береді;

      45) қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

      46) қалалық коммуналдық мүлік мәселелері бойынша мемлекеттің мүддесін білдіреді, жергілікті атқарушы органға тиесілі мүліктік құқықтарды қорғауды жүзеге асырады;

      47) қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;

      48) жергілікті атқарушы органына тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі жергілікті атқарушы органына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асырады;

      49) қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жергілікті атқарушы органы қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

      50) сенімгерлікпен басқарушының қалалық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      51) қалалық әкімдіктің, қала әкімінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болады;

      52) қалалық әкімдіктің, қала әкімінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларына төлем жасауды және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша енгізу жолымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ қалалық коммуналдық мүлікті, оның ішінде акцияларды, қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асырады;

      53) қалалық әкімдік атынан мемлекеттік акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқықтарын жүзеге асырады;

      54) жалғыз акционері (қатысушысы) жергілікті атқарушы орган болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тиісті директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына өз өкілін тағайындайды, ал жергілікті атқарушы орган қатысатын өзге де акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде – директорлар кеңесіне немесе байқау кеңестеріне кандидатураны акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына бекітуге ұсынады;

      55) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізеді және мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға ақпарат ұсынады;

      56) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді және ұйымдастырады;

      57) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;

      58) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      59) жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығаруға келісім береді;

      60) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;

      61) тапсырыс беруші бекіткен тиісті мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының негізінде заңнамада белгіленген тәртіппен конкурс тәсілімен, оның ішінде ашық конкурс, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын конкурс, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, бір көзден, аукциондарда және тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды өткізеді;

      62) бірыңғай ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асырады және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындайды;

      63) конкурс немесе аукцион тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялайды. Қажет болған жағдайда конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерге конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіреді;

      64) заңнамада көзделген жағдайларда конкурс немесе аукцион тәсілдерімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджет кірісіне жатқызады немесе әлеуетті өнім берушіге қайтарады, оның ішінде электрондық банктік кепілдік түріндегі өтінімді қамтамасыз етулерді;

      65) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әрбір конкурсқа жеке конкурстық комиссияның құрамын, сараптамалық комиссияның құрамын не сарапшыны (қажет болған кезде) айқындайды және бекітеді, конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды;

      66) бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды табыс еткен әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жібереді;

      67) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша тапсырыс берушімен бірлесіп, конкурстық комиссиялар (аукциондық комиссиялар) құру арқылы немесе біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орнына қарамастан, бір лотқа біріктіру арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

      68) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

      69) заңнамамен белгіленген тәртіпте тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

      70) тапсырыс беруші ұсынған, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманың жобасын бекітеді;

      71) конкурстық комиссиялардың құрамында веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін, олардың біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шектеулердің болмауы тұрғысынан қарайды, сондай-ақ біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды конкурсқа қатысушылар деп тану үшін өтінімдерді қайта қарауды жүргізеді;

      72) конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді есептеу жүргізеді және өлшемшарттарды қолданады;

      73) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіндегі Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      74) бөлім өткізген ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу негізінде мемлекеттік сатып алу мониторингін жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлім басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлім жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлім бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Бөлім бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) өзінің орынбасары, қаржы бөлімі сектор меңгерушілері мен басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      3) заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      5) Бөлім актілеріне қол қояды;

      6) Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;

      8) Бөлімнің жұмыс регламентін және штаттық кестесін бекітеді;

      9) Бөлімде гендерлік теңдікті нығайту бойынша тиісті шараларды жүзеге асырады;

      10) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады