Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 76 "Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің Ережесі туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. "Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Қала әкімінің міндетін атқарушы | Е. Умаров |
Атырау қалалық әкімдігінің 2022 жылғы "29" сәуірдегі № 987 қаулысына қосымша |
|
Атырау қалалық әкімдігінің 2007 жылғы "20" наурыздағы № 76 қаулысымен бекітілген |
"Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім мемлекеттік мекеме өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Махамбет Утемисов көшесі, 72, почталық индексі – 060000.
10. Осы Ереже Бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Бөлімнің мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Бөлімнің мақсаты қалалық деңгейде экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
14. Өкілеттілігі:
1) Құқықтары;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды, мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқылы.
2) Міндеттері:
қолданыстағы Қазақтан Республикасының заңнама нормаларын сақтау;
15. Функциялары:
Бөлім заңдылықта бекітілген тәртіпке сәйкес мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласында келесі функцияларды атқарады:
1) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын талдау және мониторинг жүргізу;
2) есепті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама әкімшілері шығыстарының лимиттерін есептеу;
3) тиісті жоспарлы кезеңге арналған қалалық бюджет жобасын әзірлеу және оны қалалық бюджеттік комиссиясының қарауына ұсыну;
4) тиісті жоспарлы кезеңге арналған қалалық бюджетті бекіту жөніндегі қалалық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу;
5) жоспарлы кезеңге арналған қалалық бюджетті бекіту (нақтылау) туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы қала әкімдігінің қаулы жобасын әзірлеу;
6) бюджеттік жоспарлауды қала бюджетінің шығыстарын жоспарлау бөлігінде жүзеге асыру;
7) қалалық бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің инвестициялық ұсыныстарын қарау және олар бойынша қорытынды беру;
8) бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырып, оны қалалық бюджеттік комиссияға ұсыну;
9) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бюджеттік бағдарлама жобаларын қарастыру және келісу;
10) қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің бюджеттік өтінімдерін және бюджеттік бағдарламаларын қарау;
11) экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
12) бюджеттік бағдарлама әкімгерлерімен ұсынылған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы іске асыруға жоспарланған инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне экономикалық қорытынды дайындау;
13) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;
14) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтау үшін жылдық мониторинг жүргізу;
15) қалалық бюджеттің салық салу базасын кеңейту бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын жасақтау және орындалысын бақылау;
16) жоғары тұрған органдар мен басқада мемлекеттік ұйымдарға ақпаратты уақытылы ұсыну және шешімдерді орындау және облыс, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін, қаулыларын өз құзыреті шегінде орындау;
17) қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да міндеттерді өз құзыреті шегінде жүзеге асыру.
18) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен бюджеттік саясатты қалыптастыру;
19) экономикалық және бюджеттік жоспарлау бойынша басқару және өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
20) бөлім құзырына жататын негізгі бағыттары бойынша қала әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
21) бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау;
3. Бөлімнің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі
16. Бөлім басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Бөлімнің басшысын қала әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
18. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Бөлім басшысының өкілеттілігі:
1) өзінің орынбасары мен құрылымдық бөлiмшелердің және басқа қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды;
2) Бөлім қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңдылықтарда белгіленген тәртiппен Бөлім қызметкерлерiне көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын жүзеге асырады және тәртіптік жаза қолданады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және Бөлімнің барлық қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және меншік құқығына қарамастан өзгеде ұйымдарда Бөлімді білдіреді;
6) Бөлімнің штаттық кестесін және регламентін бекітеді;
7) ішкі бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөнінде шаралар қабылдайды және ол үшін жауапкершілікте болады.
Бөлім басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Бөлімнің мүлкі
20. Бөлімнің қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Бөлімнің бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Бөлімнің қызметін қайта ұйымдастыру және тарату
23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.