2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 226 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күніннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Ибрагимов

  Мақат ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "15" желтоқсандағы
№ 226 қаулысына қосымша

2023 жылға арналған Мақат ауданында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдар атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

Оның ішінде 2023 жылға

1

Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімінің "Ораз Сарғұнанов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

100

3%

3

1

2

Атырау облысы Білім беру басқармасының "Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

65

2%

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады