Ауылдық жерде жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларына ұсынылатын сұранысқа ие мамандардың лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 256 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" қағидаларының 6 тармағына сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандардың, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің сұранысқа ие лауазымдарының тізбесі -№ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулы Мақтаарал ауданы әкімдігінің сайтында және ауданның нақты мерзімді баспасөз басылымында ресми жариялансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Төребековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Асанов

  Мақтаарал ауданы әкімдігінің
"13" сәуір 2022 жылғы № 256
қаулысына № 1 қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы сұранысқа ие мамандықтар тізімі

Мамандықтар

1

Барлық санаттағы және санаты жоқ мамандықтағы дәрігерлер

2

Барлық санаттағы және санаты жоқ мейіргерлер

3

Провизор (фармацевт)

4

Денсаулық сақтау саласындағы сарапшы-маман

5

Зертхана маманы

6

Қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статист, әдіскер)

7

Барлық санаттағы және санаты жоқ фельдшерлер

8

Барлық санаттағы және санаты жоқ акушерлер

9

Әлеуметтік қызметкер

10

Психолог маман

11

Зертханашы (медициналық)

12

Тіс дәрігері (дантист)

13

Тіс технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы)

14

Стоматолог дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассисенті)

15

Рентген зертханашысы

16

Емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы

17

Стоматологиялық гигиенашы (Гигиенист стоматологический)

18

Көзілдірік, көзәйнек өлшеуші маман (Оптик и оптикометрист)

19

Диеталық мейіргер

20

Медициналық тіркеуші

21

Техник-дозиметрші (техник-дозиметрист)

22

Нұсқаушы-дезинфектор

 
  Мақтаарал ауданы әкімдігінің
"13" сәуір 2022 жылғы № 256
қаулысына № 2 қосымша

Білім беру саласындағы сұранысқа ие мамандықтар тізімі

Мамандықтар

1

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық санаттағы және санаты жоқ мамандықтағы мұғалімдері

2

Барлық санаттағы және санаты жоқ мұғалім-дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог)

3

Барлық санаттағы және санаты жоқ мұғалім-логопед

4

Барлық санаттағы және санаты жоқ бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы

5

Барлық санаттағы және санаты жоқ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндіріске үйрету шебері

6

Аккомпаниатор (сүйемелдеуші) (негізгі қызметтердің)

7

Концертмейстер (негізгі қызметтердің)

8

Тәлімгер

9

Тәрбиеші

10

Әдіскер (негізгі қызметтердің)

11

Жүзу бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтердің)

12

Дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің)

13

Музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің)

14

Қосымша білім беретін педагог

15

Ұйымдастырушы педагог

16

Педогог-психолог

17

Хореограф (негізгі қызметердің)

18

Жаттықтырушы-оқытушы

19

Барлық санаттағы және санаты жоқ әлеуметтік қызметкер

20

Кітапханашы

21

Дәрігер

22

Мейірбике, мейіргер

 
  Мақтаарал ауданы әкімдігінің
"13" сәуір 2022 жылғы № 256
қаулысына № 3 қосымша

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы сұранысқа ие мамандықтар тізімі

Мамандықтар

1

Барлық санаттағы және санаты жоқ дәрігерлер

2

Барлық санаттағы және санаты жоқ мейіргерлер

3

Диеталық мейіргер

4

Барлық санаттағы және санаты жоқ акушер

5

Барлық санаттағы және санаты жоқ фельдшер

6

Фармацевт

7

Барлық санаттағы және санаты жоқ мұғалімдер (барлық мамандықтағы)

8

Әдіскер

9

Тәрбиеші

10

Зертханашы (медициналық)

11

Логопед

12

Психолог

13

Дефектолог

14

Жүзу жөніндегі нұсқаушы

15

Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы

16

Райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер

17

Емдік терапия жөніндегі нұсқаушы

18

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман

19

Әлеуметтік қызметкер (барлық атаудағы)

20

Мәдени ұйымдастырушы

21

Музыкалық жетекші

 
  Мақтаарал ауданы әкімдігінің
"13" сәуір 2022 жылғы № 256
қаулысына № 4 қосымша

Мәдениет саласындағы сұранысқа ие мамандықтар тізімі

Мамандарықтар

1

Барлық санаттағы және санаты жоқ аккомпаниатор

2

Барлық санаттағы және санаты жоқ концертмейстр

3

Барлық санаттағы және санаты жоқ аккомпаниатор – концертмейстр

4

Барлық атаудағы әртістері

5

Музейлер қорын есепке алу архивисті

6

Археограф (негізгі қызметтер)

7

Режиссер ассистенті

8

Кітапханашы

9

Дирижер

10

Дыбыс режиссері

11

Мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер)

12

Барлық атаудағы әдістемеші

13

Ұжым (үйірме) басшысы

14

Музыкалық жетекші

15

Музыкалық әрлеуші

16

Палеограф

17

Продюсер

18

Режиссер

19

Қоюшы режиссер

20

Хореограф

21

Қор сақтаушы

22

Барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

23

Ілесіп жүруші (экскурсовод)

24

Мұражай қараушысы

25

Барлық санаттағы және санаты жоқ мұғалімдер

 
  Мақтаарал ауданы әкімдігінің
"13" сәуір 2022 жылғы № 256
қаулысына № 5 қосымша

Спорт саласындағы сұранысқа ие мамандықтар тізбесі

Мамандықтар

1

Барлық санаттағы және санаты жоқ мұғалімдер

2

Барлық санаттағы және санаты жоқ жаттықтырушы

3

Барлық санаттағы және санаты жоқ әдіскер

4

Барлық санаттағы және санаты жоқ жаттықтырушы-оқытушы

5

Барлық санаттағы және санаты жоқ нұсқаушы-спортшы

6

Барлық санаттағы және санаты жоқ жаттықтырушы-массажшы

7

Барлық санаттағы және санаты жоқ жаттықтырушы-майлаушы

8

Хореограф

9

Барлық санаттағы және санаты жоқ дәрігер

10

Барлық санаттағы және санаты жоқ мейіргер

 
  Мақтаарал ауданы әкімдігінің
"13" сәуір 2022 жылғы № 256
қаулысына № 6 қосымша

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандық тізімі

Мамандықтар

1

Ветеринарлық дәрігер

2

Зертханадағы ветеринарлық дәрігер

3

Ветеринар лаборант

4

Зоотехник

5

Бактериолог

6

Вирусолог

7

Ветеринарлық фельдшер

8

Малды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник

 
  Мақтаарал ауданы әкімдігінің
"13" сәуір 2022 жылғы № 256
қаулысына № 7 қосымша

Мақтаарал ауданының кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратарының мемлекеттік қызметшілерінің сұранысқа ие мамандықтар тізімі

Мамандықтар

1

Әкім көмекшісі

2

Бас маман

3

Жетекші маман


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады