Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 8, 13-баптарына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2022-2023 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Катонқарағай аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Бралинов |
Катонқарағай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 19/248-VІІ шешіміне қосымша |
2022-2023 жылдарға Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар
2022-2023 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11064 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем - шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспар мазмұны:
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Үлкен Нарын ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызба картасы (1-қосымша);
2) жайылым айналымдарының қолайлы сызбалары (2-қосымша);
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы (3-қосымша);
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы (4-қосымша);
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы (5-қосымша);
6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі (6-қосымша).
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, олардың иелері-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Әкімшілік-аумақтық бөлінуі бойынша Үлкен Нарын ауылдық округінде 6 елді мекен бар.
Үлкен Нарын ауылдық округі аумағының жалпы ауданы – 197 653,94 га, соның ішінде: егістіктер – 15 011,01 га, шабындық жерлер – 3833,5 га, жайылымдық жерлер – 102 926,44 га, басқа жерлер – 75 883,09 га.
Санаттар бойынша жерлер бөлінісі:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 121 342,85 га;
елді мекен жерлері – 7600,2 га.
Табиғи жағдайлары бойынша Үлкен Нарын ауылдық округінің аумағы орташа ылғалданған тау бөктеріндегі дала аймағына жатады. Климаты күрт континентті, қысы салыстырмалы суық, жазы ыстық және құрғақ. Жауын-шашын жылына орта есеппен 300-400 мм түседі. Олардың ең көп саны шілде айына келеді.
Ауданның гидрографиялық желісі көптеген өзендермен, көлдермен, бұлақтармен ұсынылған. Аудан аумағының солтүстік шекарасынан ағып өтетін Бұқтырма өзені ең ірі су ағыны болып табылады. Ауданды шығыстан батысқа қарай қиып өтетін Нарын өзені екінші ірі су ағыны болып табылады. Тауларда көптеген ағындар пайда болады, әлсіз аңғар және ағынның жылдамдығы 1-2 м / сек. Өзендердің табиғаты таулы. Су сапалы, тұрмыстық және ауылшаруашылық сумен жабдықтаудың барлық түрлеріне жарамды. Осыған байланысты, ауданның барлық жайылымдары суландырылған және халықтың мал жайылымына суат белгілеуді талап етпейді.
Топырақ негізінен таулы қара топырақ, кәдімгі қара топырақ, қара қоңыр.
Үлкен Нарын ауылдық округінің аумағында 1 ветеринарлық пункт, 5 мал қорымы және 1 мал тоғыту орны бар.
2022 жылдың 1 қаңтарына Үлкен Нарын ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және шаруа қожалықтарының мал басы) ірі қара мал 13 886 бас, соның ішінде төлдейтін (сауынды) мал басы 6875 бас, қой мен ешкі 18 297 бас, жылқылар 2871 бас, түйе 21 бас (№ 1-кесте) есептелген.
Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны
туралы деректер
1-кесте |
№ | Елді мекендер | Халықтың мал басы | шаруа және фермер қожалықтарының мал басы | Барлығы: | |||||||||||
ірі қара мал | қой мен ешкі | жылқы | ірі қара мал | қой мен ешкі | жылқы | түйе | ірі қара мал | қой мен ешкі | жылқы | түйе | |||||
барлығы | соның ішінде: сауынды | барлығы | соның ішінде: сауынды | барлығы | соның ішінде: сауынды | ||||||||||
1 | Үлкен Нарын | 1644 | 1581 | 3984 | 407 | 1016 | 1662 | 2634 | 955 | 21 | 2660 | 3243 | 6618 | 13692 | 21 |
2 | Жұлдыз | 494 | 438 | 1535 | 400 | 211 | 241 | 546 | 96 | 705 | 679 | 2081 | 496 | ||
3 | Балғын | 562 | 526 | 2772 | 181 | 26 | 95 | 46 | 146 | 588 | 621 | 2818 | 327 | ||
4 | Көктерек | 947 | 826 | 2565 | 259 | 93 | 222 | 541 | 93 | 1040 | 1048 | 3106 | 352 | ||
5 | Свинчатка | 92 | 86 | 444 | 82 | 92 | 86 | 444 | 82 | ||||||
6 | Көкбастау | 895 | 659 | 2134 | 93 | 1031 | 539 | 1096 | 159 | 1926 | 1198 | 3230 | 252 |
Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету үшін барлығы 42425,0 га, елді мекен шегінде 5382,2 га жайылым бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 15-бабына сәйкес жергілікті халықтың (Катонқарағай ауылы) мұқтажы үшін аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша елді мекеннің жайылымдық алқаптарында 5382,2 га көлемінде қажеттілік 13 858,0 га құрайды (2-кесте).
Қалыптасқан 13858,0 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін, 5350,7 га – қордағы жерлерде, 111,8 га – К.Қ. Бақтияровқа тиесілі жерлерде, 23,4 га - "Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне тиесілі жерлерде, 8372,1 га - "Большенарым орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиесілі жерлерде халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю есебінен толықтыру қажет.
Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық жануарларын жаю бойынша 40 622,4 га көлемінде жайылымдық жер қажеттілігі бар, ірі қара малдың бір басына түсетін жүктеме нормасы – 4,5 га/бас, қой мен ешкі – 0,9 га/бас, жылқы – 5,4 га/бас. (3-кесте).
| |||||||||||||
№ | Елді мекендер | Халықтың мал басы | Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га) | Жайылымдар қажеттілігі,(га) | |||||||||
ірі қара мал | қой мен ешкі | жылқы | |||||||||||
ірі қара мал | қой мен ешкі | жылқы | ірі қара мал | қой мен ешкі | жылқы | барлығы (га) | |||||||
1 | Үлкен Нарын | 1644 | 3984 | 407 | 4,5 | 0,9 | 5,4 | 7398 | 3585,0 | 2197,8 | 13181,4 | ||
2 | Жұлдыз | 494 | 1535 | 400 | 4,5 | 0,9 | 5,4 | 2223 | 1381,5 | 2160 | 5764,5 | ||
3 | Балғын | 562 | 2772 | 181 | 4,5 | 0,9 | 5,4 | 2529 | 2494,8 | 977,4 | 6001,2 | ||
4 | Көктерек | 947 | 2565 | 259 | 4,5 | 0,9 | 5,4 | 4261,5 | 2308,5 | 1398,6 | 7968,6 | ||
5 | Свинчатка | 92 | 444 | 82 | 4,5 | 0,9 | 5,4 | 414 | 399,6 | 442,8 | 1256,4 | ||
6 | Көкбастау | 895 | 2134 | 93 | 4,5 | 0,9 | 5,4 | 4027,5 | 1920,6 | 502,2 | 6450,3 |
Қалыптасқан 40 622,4 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарда 7407,37 га – азаматша А.У.Жумахановаға тиесілі жерлерінде, 5000,0 га –азамат Л.Ш. Тумашиновқа тиесілі жерлерінде, 11 712,27 га – "Катонқарағай шәрбаты" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жерлерінде, 16 502,76 га – "Үлкен Нарын орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жерлерінде жаю есебінен толықтыру қажет.
Үлкен Нарын ауылдық округінің шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 5136 бас, қой мен ешкі 4863 бас, жылқылар 1449 бас, түйе – 21 басты құрайды.
Шаруа және фермер қожалықтарындағы жайылымдар ауданы – 45425,0 га құрайды (4-кесте).
Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылық өндірушілердің ауыл
шаруашылығы жануарларын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу бойынша
мәліметтер
4-кесте |
Атауы | Ауданы (га) | Мал түрлері бойынша қолда бары, (бас) | Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га) | Жайылымдар қажеттілігі,(га) | |||||||||||
ірі қара мал | қой мен ешкі | жылқы | түйе | ірі қара мал | қой мен ешкі | жылқы | түйе | ірі қара мал | қой мен ешкі | жылқы | түйе | барлығы (га) | |||
1 | Үлкен Нарын | 45425,0 | 5136 | 4863 | 1449 | 21 | 4,5 | 0,9 | 5,4 | 4,5 | 10695,5 | 4376,7 | 7824,6 | 94,5 | 22992,3 |
2022-2023 жылдарға Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына 1-қосымша |
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері
және жер пайдаланушылар бөлінісінде Үлкен Нарын ауылдық округінің аумағында
жайылымдардың орналасу сызбасы (картасы)
Үлкен Нарын ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы
(картасына) қоса берілетін жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар
тізімі
5-кесте. |
№ | Жер учаскелері жер пайдаланушыларының атауы | жайылым ауданы, га | мал басының болуы | қажет жайылым, | Жер учаскелері жер пайдаланушыларының атауы |
1 | Бактияров К.К. | 111,8 | жоқ | - | 111,8 |
2 | "Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 23,4 | жоқ | - | 23,4 |
3 | Жумаханова А.У. | 7408,37 | жоқ | - | 7408,37 |
4 | Тумашинов Л.Ш | 5000,0 | жоқ | - | 5000,0 |
5 | "Катонқарағай шәрбаты" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі | 11712,27 | жоқ | - | 11712,27 |
6 | "Большенарым орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 24 874,86 | жоқ | - | 27 874,86 |
2022-2023 жылдарға Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына 2-қосымша |
Жайылым айналымдарының қолайлы сызбалары Үлкен Нарын ауылдық округі үшін
қолайлы жайылым айналымының схемасы
Жылдар | 1 мал айдау | 2 мал айдау | 3 мал айдау | 4 мал айдау |
2022 | көктем-жазғы 1-маусым | жазғы 2-маусым | күзгі 3-маусым | демалыс |
2023 | демалыс | көктем-жазғы 1-маусым | жазғы 2-маусым | күзгі 3-маусым |
Ескертпе: 1, 2, 3, 4 – бір жылда мал айдаудың кезектілігі.
2022-2023 жылдарға Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына 3-қосымша |
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі
шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген
картасы
2022-2023 жылдарға Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына 4-қосымша |
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне
(көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына,
құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы
2022-2023 жылдарға Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына 5-қосымша |
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы
жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны
берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы
2022-2023 жылдарға Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарына 6-қосымша |
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық
маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі
Ауылдық округ | Малды жайылымға шығару мерзімі | Малды шалғайдағы жайылымдардан қайтару мерзімі |
Үлкен Нарын | сәуір-мамыр | қыркүйек-қазан |