Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектег № 377 бұйрығына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аршалы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының төрағасы | Ә.Балташев |
Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 4/4 шешіміне қосымша |
Аршалы ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
№ | Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығынсыз теңге) |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғыннан айына | 350,00 |
2 | Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф | 1 м³ - текше метр | 2048,77 |