"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Свободный ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Свободный ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Есіл ауданы Свободный ауылдық округі Свободный ауылының көшелері қайта аталсын:
Московский көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
Целинный көшесі Әлия Молдағұлова көшесіне;
Киевский көшесі Мұхтар Әуезов көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Свободный ауылдық округінің әкімі | А.Шайхистанов |