"Үлбі металлургиялық зауыты" акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 164 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және 71-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, "Үлбі металлургиялық зауыты" акционерлік қоғамының төрағасы С. Бежецкийдің 2023 жылғы 12 шілдедегі ЗТ-2023-01279102 жазған өтініші негізінде, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Үлбі металлургиялық зауыты" акционерлік қоғамымен пайдалы қазбаларды барлау бойынша жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданы аумағында орналасқан 1978-EL лицензиясы бойынша жалпы алаңы 2194,6808 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2029 жылдың 14 наурызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әйтеке би ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2023 жылдың 31 шілдесінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Әйтеке би ауданы әкімі Д. Тоғызбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады