Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37-баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Әйтеке би ауданы Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылындағы Т.Шевченко көшесі Әзілхан Нұршайықов көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауылдық округінің Әкімі | Г. З. Атымтаев |