Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алға ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Алға ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Тулеуов |
Алға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 67 шешіміне 1 қосымша |
Алға ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық норма, м3 |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,8 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,24 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,73 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,8 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар және өзге де мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,62 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,11 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,0058 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,15 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1оқушы | 0,23 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, өзге де ойын-сауық орындары және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,17 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, казино, ойын автоматтарының залдары, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,37 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1м² | 0,041 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,045 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1м² | 0,058 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер, аралас дүкендер | Сауда алаңы 1м² | 0,85 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орны1м² | 0,32 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1м² | 0,32 |
17 | Көтерме базалар, өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының қоймалары | Жалпы алаңы 1м² |
0,38 |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі, халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1м² | 0,82 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1м² | 0,36 |
20 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1м² | 0,41 |
21 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 0,5 |
22 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,25 |
23 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,47 |
24 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1м² | 0,34 |
25 | Зергерлік, аяқ қиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1м² | 0,15 |
26 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,47 |
27 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1м² | 0,65 |
28 | Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар, саябақ қалдықтары | 1 000 қатысушы | 0,0037 |
29 | Жағажайлар, жолдардың көше сметалары | Жалпы алаңы 1м² | - |
30 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гараж | 0,25 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 2,25 |
Алға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 67 шешіміне 2 қосымша |
Алға ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
р/с № | Атауы | Есептік бірлік | Қызмет құны, теңге |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 209 |
2 | Жабдықталмаған үйлер | 1 тұрғын | 261 |
3 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму тарифі | 1 текше метр (ҚҚС қоспағанда) | 1 295 |
4 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауға арналған тарифi | 1 текше метр (ҚҚС қоспағанда) | 259,06 |