Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24212 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Байғанин ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байғанин аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Сержан |
Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 58 шешіміне 1 қосымша |
Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық норма, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,95 |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,45 |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,13 |
4. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,4 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,22 |
6. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,02 |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,81 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,11 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,64 |
10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,2 |
11. | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
12. | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,13 |
13. | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,21 |
14. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,8 |
15. | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 | 0 |
16. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,82 |
17. | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0 |
18. | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0 |
19. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,5 |
20. | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,04 |
21. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,44 |
22. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 0,11 |
23. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,3 |
24. | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0 |
25. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,8 |
26. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесы | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
27. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
28. | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,13 |
29 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,26 |
30 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,8 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0 |
Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 59 шешіміне 2 қосымша |
Байғанин ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
№ | Атауы | Есептеу бірлігі | Қызмет құны, теңге |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | тұрғын/айына | 230,77 |
3 | Жылдық тариф бірлігіне (көлем) | 1 м3 | 2914,8 |