Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 30 шешімі. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 21 тамыздағы № 33 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 21.08.2023 № 33 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35- бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7)- тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 шілдедегі № 2-13/114 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округінің аумағында орналасқан "Саят" шаруа қожалығының ұсақ малдары арасынан шешек ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көптоғай ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
А. Алекеш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады