Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35- бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 2-13/128 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ұсақ малдары арасынан анықталған шешек ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округінде орналасқан "Саят" шаруа қожалығының аумағында белгіленген карантин алынсын.
2. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі "Карантинді белгілеу туралы" № 30 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көптоғай ауылдық округінің әкімі: |
Е. Асылбаев |