"Абай облысы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 10 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 55 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8 тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Абай облысы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 10 Абай облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылсын деп танылсын.

      2. "Абай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітіліген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес күнтізбелік күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін шаруашылық құқығындағы "Қазақстан Республикасының "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысының әкімі Н. Ұранхаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады