Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бесқарағай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Бесқарағай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы | М. Абылгазинова |
Бесқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 7/4-VІІІ шешіміне 1-қосымша |
Бесқарағай ауданы бойынша бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,41 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,00 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,58 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,50 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,64 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,002 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,86 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,18 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,34 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,05 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,002 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,24 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0,56 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,12 |
17 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
21 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,42 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,93 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,46 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | - |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,86 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | - |
29 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 |
|
30 | Қала аумағында жаппай іс-шараларды ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,009 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |
Бесқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 7/4-VІІІ шешіміне 2-қосымша |
Бесқарағай ауданы бойнша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (Қосылған құн салығысыз) |
Жайлы және жайлы емес үйлер | айына1 түрғыннан | 380,00 |
Бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 3234,05 |