Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, кадрлық өзгерістерге байланысты Сәтбаев қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. Сәтбаев қаласы әкімінің 2023 жылдың 06 ақпандағы № 2 "Объектілік масштабтағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
осы шешімнің 2-тармағы келісі редакцияда шығарылсын:
"2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Саухимов Алмат Өмірзақұлы тағайындалсын".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қаласының әкімі | Ш.Әубәкір |