"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 43 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 261 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 43 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер Үйі" әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс.";

      15-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) білім алушылардың білімін тексеруді жүргізу үшін қағидалар мен талаптарды әзірлеу";

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) мемлекет атынан доцент, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор аттестаттарын беру;".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті белгіленген мерзімдерде осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
С. Нұрбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады