Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Текелі қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қалалық мәслихатының төрағасы | Б. Тугулбаев |
Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы № 9-44 шешіміне 1-қосымша |
Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,65 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,65 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,12 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,3 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,545 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,559 |
6 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 2,344 |
7 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,078 |
8 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,091 |
9 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,348 |
10 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,028 |
11 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,05 |
12 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 9,157 |
13 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 7,939 |
14 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,037 |
15 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,997 |
16 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,043 |
17 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0,145 |
Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы № 9-44 шешіміне 2-қосымша |
Текелі қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік |
Теңге |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын айына | 238,7 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 391,39 |
Жеке және заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 1736,06 |