Үшарал қаласының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Жетісу облысы Алакөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 10-2 бірлескен шешімі және Жетісу облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 тамыздағы № 1 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес және Үшарал қаласы халқының пікірін ескере отырып, 2023 жылдың 11 мамырындағы Жетісу облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Үшарал қаласының келесі көшелері:

      1) Әлібаев көшесі "Исағұл Жолжанов" көшесі;

      2) Стебляков көшесі "Арап Әмірұлы" көшесі;

      3) Жеңіс көшесі "Зейнеп Қойшыбаева" көшесі;

      4) 8 март көшесі "8 наурыз" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен Алакөл аудандық мәслихатының шешімі мен Алакөл аудан әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Алакөл аудандық мәслихатының "Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік саясат, спорт, жастар ісі мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Алакөл аудандық мәслихатының шешімі және Алакөл ауданының әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Д.Каримов
      Аудан әкімі А.Абдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады