"Үшарал қаласының көшелерін қайта атау туралы" Жетісу облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 тамызындағы №10-2 бірлескен шешімі және Жетісу облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 тамыздағы № 1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 қарашадағы № 40-2 бірлескен шешімі және Жетісу облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № 1 қаулысы

      Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Үшарал қаласының көшелерін қайта атау туралы" Жетісу облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 тамызындағы №10-2 бірлескен шешіміне және Жетісу облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 тамыздағы №1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №185659 тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен шешім және қаулының 1-тармағының 1) тармақшасы:

      1) "Әлібаев көшесі" деген сөзінен кейін "батыстан шығыс бөлігі" деген сөздермен толықтырылсын".

      көрсетілген бірлескен шешім және қаулының 1-тармағының 2) тармақшасы:

      2) "Стебляков көшесі" деген сөзінен кейін "батыстан шығыс бөлігі" деген сөздермен толықтырылсын.

      көрсетілген бірлескен шешім және қаулының 1-тармағының 3) тармақшасы:

      3) "Жеңіс көшесі" деген сөзінен кейін "батыстан шығыс бөлігі" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы бірлескен Алакөл аудандық мәслихатының шешімі және Алакөл ауданының әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Д.Каримов
      Аудан әкімі А.Абдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады