Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармағына және 69-бабының 4-тармағына, 70 және 104-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сарқан ауданы бойынша шалғайдағы жайылымдарға мал айдау үшін жер учаскелерге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Маманбаев |
қаулысына қосымша |
№ | Қала/ауылдық округі | Автомобиль жолдары |
1 | Сарқан қаласы | А-3 Алматы-Өскемен автожолының 410-426 киллометр |
2 |
Алмалы | А-3 Алматы-Өскемен автожолының 410-426 киллометр |
3 | Амангелді ауылдық округі | КВ-110 Алматы-Өскемен-Көкөзек автожолының 510-514 киллометр |
4 |
Бақалы | А-3 Алматы-Өскемен автожолының 410-426 км, оның ішінде Бақалы ауылынын 454 киллометр |
5 |
Екіаша | КВ-93 Сарқан-Тополевка автожолының Екіаша ауылына қарасты 22 киллометр |
6 | Қарабөгет ауылдық округі | А-3 Алматы-Өскемен автожолының 410-426 киллометр |
7 | Қарашыған ауылдық округі | КВ-115 Лепсі-Төлебаев-Құрақсу-Матай автожолына |
8 |
Қойлық | А-3 Алматы-Өскемен автожолының 410-426 км, оның ішінде Қойлық ауылының 459 киллометр |
9 | Көктерек ауылдық округі | КВ-104 Алматы-Өскемен-Қызыл Қайын-Лепсі 55-121 киллометр |
10 |
Лепсі | КВ-115 Лепсі-Төлебаев-Құрақсу-Матай автожолына |
11 | Черкасск ауылдық округі | КВ-112 Қойлық-Қарғалы-Шатырбай автожолының 15 киллометр |
12 | Шатырбай ауылдық округі | КВ-112 Қойлық-Қарғалы-Шатырбай автожолының 15 киллометр |