Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 10 шілдедегі № 271/4 "Шахтинск қаласы, Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183772 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы | Ж. Мамерханова |
Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 29 қарашадағы № 292/6 шешімге қосымша |
|
Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 10 шілдедегі № 271/4 шешімге қосымша |
Шахтинск қаласы, Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Шахтинск қаласы
Атауы | Есеп бірлігі | Тариф (теңге) |
Абаттандырылған үй иелері | Айына 1 тұрғыннан | 403,98 |
Абаттандырылмаған үй иелері | Айына 1 тұрғыннан | 437,64 |
Бірлікке жылдық тариф (көлемі) | Теңге/м3 | 2019,88 |
Көму (ҚҚС есептегенде) | Теңге/м3 | 352 |
Сұрыптау | Теңге/м3 | 0 |
Шахан кенті
Атауы | Есеп бірлігі | Тариф (теңге) |
Абаттандырылған үй иелері | Айына 1 тұрғыннан | 450 |
Абаттандырылмаған үй иелері | Айына 1 тұрғыннан | 480 |
Бірлікке жылдық тариф (көлемі) | Теңге/м3 | 2380 |
Көму (ҚҚС есептегенде) | Теңге/м3 | 352 |
Сұрыптау | Теңге/м3 | 0 |
Долинка, Новодолинский кенттері
Атауы | Есеп бірлігі | Тариф (теңге) |
Абаттандырылған үй иелері | Айына 1 тұрғыннан | 442,05 |
Абаттандырылмаған үй иелері | Айына 1 тұрғыннан | 442,05 |
Бірлікке жылдық тариф (көлемі) | Теңге/м3 | 2210,27 |
Көму (ҚҚС есептегенде) | Теңге/м3 | 352 |
Сұрыптау | Теңге/м3 | 0 |
Ескерту:
Тариф келесілерді қамтиды:
1) ҚҚС есептемегенде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау құны;
2) ҚҚС есептегенде көму құны.