Шахтинск қаласы, Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұраптауға және көмуге арналған тарифті бекіту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 10 шілдедегі № 271/4 шешімі.

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3 тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шахтинск қаласы, Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұраптауға және көмуге арналған тарифті қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Шахтинск қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) 2019 жылғы 28 тамыздағы № 1637/33 "Шахтинск қаласы бойынша, оның ішінде Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 5463 болып тіркелген);

      2) 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1683/37 "Шахтинск қаласы бойынша, оның ішінде Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдау, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы "Шахтинск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 1637/33 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (мемлекеттік тізілімде тіркелген) нормативтік құқықтық актілердің № 5622).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы Ж. Мамерханова

  Шахтинск қалалық мәслихатының
2023 жылғы 10 шілдедегі
№ 271/4
шешімге қосымша

Шахтинск қаласы, Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 29.11.2023 № 292/6 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Шахтинск қаласы

Атауы

Есеп бірлігі

Тариф (теңге)

Абаттандырылған үй иелері

Айына 1 тұрғыннан

403,98

Абаттандырылмаған үй иелері

Айына 1 тұрғыннан

437,64

Бірлікке жылдық тариф (көлемі)

Теңге/м3

2019,88

Көму (ҚҚС есептегенде)

Теңге/м3

352

Сұрыптау

Теңге/м3

0

      Шахан кенті

Атауы

Есеп бірлігі

Тариф (теңге)

Абаттандырылған үй иелері

Айына 1 тұрғыннан

450

Абаттандырылмаған үй иелері

Айына 1 тұрғыннан

480

Бірлікке жылдық тариф (көлемі)

Теңге/м3

2380

Көму (ҚҚС есептегенде)

Теңге/м3

352

Сұрыптау

Теңге/м3

0

      Долинка, Новодолинский кенттері

Атауы

Есеп бірлігі

Тариф (теңге)

Абаттандырылған үй иелері

Айына 1 тұрғыннан

442,05

Абаттандырылмаған үй иелері

Айына 1 тұрғыннан

442,05

Бірлікке жылдық тариф (көлемі)

Теңге/м3

2210,27

Көму (ҚҚС есептегенде)

Теңге/м3

352

Сұрыптау

Теңге/м3

0

      Ескерту:

      Тариф келесілерді қамтиды:

      1) ҚҚС есептемегенде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау құны;

      2) ҚҚС есептегенде көму құны.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады