"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыскерлері еңбегінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 62 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 76/қе бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыскерлері еңбегінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14322 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. ҰҚК әскери, арнаулы оқу орындарының педагогтарына, ғылыми-педагогикалық және ғылыми қызметкерлеріне өтілін есептеу "Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6340 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      ҰҚК әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінің медицина қызметкерлеріне өтілін есептеу "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, денсаулық сақтау саласындағы қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 2 тамыздағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14205 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асыралады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған кейін күнтізбелік бес күн ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік
генерал-лейтенанты
Е. Сағымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады